БҰЙЫРАМЫН:
1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай құжаттарды қоса береді.
Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.
Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.
Дінтану сараптамасын жүргізу қажет жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын пошта байланысы арқылы алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде не сараптама объектілерін уәкілетті органға қолма-қол жібереді.
Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатылады.
Уәкілетті орган дінтану сараптамасын жүргізгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге сараптамалық қорытынды жібереді.
Жауапты орындаушы уәкілетті органнан дінтану сараптамасының қорытындысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта осы Қағидағаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алды ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді, оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 3-қосымшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді.
Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатпен және осы Қағидаларға 3-қосымшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдағанын растау – құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе өтінішхатының көшірмесі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті/өтінішхатты қабылдаудан бас тартады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды тіркеген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бұдан әрі – жауапты орындаушы).
Жауапты орындаушы 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне құжаттарды қарайды.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу хат дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес келісу хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін және күнін бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";
"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса береді.
Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.
Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.
Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерді бекіту туралы шешімнің жобасын келіседі, қажет кезде, мемлекеттік органдарға сұрау салуды жолдайды.
Жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімді әзірлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімді не көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінгенде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.";
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
Жеке басты куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.
Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.
Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің жобасын келіседі.
Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді әзірлейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.
Қызмет алушыдан қарсылық түскенде, оны қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді не көрсетілетін қызметті алушыға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінгенде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.";
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай құжаттарды қоса береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқық белгілейтін құжат, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.
Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтығын зерделейді.
Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің жобасын келіседі.
Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сай келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскенде, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту береді, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі |
10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi |
Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (жеке басын куәландыратын құжатты не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде): |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. |
нысан
___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № ________ бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды
______________________________________________________ _____________
ТАӘ (болған жағдайда) мемлекеттік корпорациясының жұмыскері (қолы)
Алдым: _________________________________________ ________________
Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___" _________
"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы. |
3. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың мынадай себептерін көрсете отырып, жауап жібереді: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар: |
нысан
_______________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты | |
(болған жағдайда) (бұдан әрі –ТАӘ) | |
_______________________ | |
(көрсетілетін қызметті | |
алушының мекенжайы) |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі
______________________________________________________ (мекенжайды көрсету)
сіздің "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн,
шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті/өтінішхатты
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды
_______________________________________ ______________________
ТАӘ (Мемлекеттік Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері) (қолы)
Алдым: ________________________________________ ___________
Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" ___________
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 23 (жиырма үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жіне Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. |
нысан
____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) немесе ұйымның атауы) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №________________________бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты __________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды
________________________________________________ _____________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері) (қолы)
Алдым: _________________________________________ _____________
Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)
Күні: 20____ жылғы "__"_________
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 22 (жиырма екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде. |
5 | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi |
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді. |
нысан
____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) немесе ұйымның атауы) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______________________ бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды
_____________________________________________________________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері) (қолы)
Алдым:______________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" ________
"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 22 (жиырма екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi |
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) егер діни бірлестіктердің қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін бекітуге, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді. |
нысан
____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда) (бұдан әрі –ТАӘ) немесе ұйымның атауы) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №________________________ бөлімі (мекенжайды көрсету) сіздің "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты
___________________________________________________________________
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1. _______________________________________________________
2. _______________________________________________________
3. _______________________________________________________
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды
_________________________________________________________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорациясының жұмыскері) (қолы)
Алдым:_______________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (болған жағдайда) (қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" ________