БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың 2022–2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28461 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың 2022–2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. |
А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Жергілікті атқарушы органдардың 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
Р/с | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті | |||||
2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | |||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ||
1 | Абай облысы | 31 967 302 | 31 967 302 | 33 771 371 | 33 771 371 | 35 073 437 | 35 073 437 |
2 | Ақмола облысы | 57 459 504 | 57 274 611 | 54 282 934 | 54 129 262 | 58 718 419 | 58 718 419 |
3 | Ақтөбе облысы | 55 319 224 | 50 121 017 | 57 132 008 | 52 728 170 | 61 854 353 | 58 992 517 |
4 | Алматы облысы | 78 083 781 | 37 684 566 | 106 469 007 | 71 274 152 | 115 357 145 | 89 420 744 |
5 | Атырау облысы | 98 347 607 | 26 116 455 | 94 656 804 | 32 808 670 | 102 760 292 | 53 178 137 |
6 | Батыс Қазақстан облысы | 41 970 279 | 41 527 575 | 40 465 001 | 40 310 365 | 43 823 767 | 43 740 966 |
7 | Жамбыл облысы | 59 931 803 | 54 042 070 | 59 518 205 | 50 099 216 | 64 349 923 | 57 235 102 |
8 | Жетісу облысы | 47 949 580 | 47 949 580 | 49 609 904 | 49 609 904 | 50 731 989 | 50 731 989 |
9 | Қарағанды облысы | 67 720 865 | 67 720 865 | 78 938 286 | 78 938 286 | 85 520 435 | 85 520 435 |
10 | Қостанай облысы | 56 284 881 | 54 233 953 | 52 190 421 | 50 168 738 | 56 485 709 | 55 722 507 |
11 | Қызылорда облысы | 52 199 754 | 47 724 274 | 51 658 435 | 47 713 902 | 55 828 219 | 55 722 507 |
12 | Маңғыстау облысы | 38 978 547 | 24 982 285 | 44 324 891 | 42 589 759 | 48 067 266 | 46 558 857 |
13 | Павлодар облысы | 64 583 494 | 61 729 507 | 48 167 135 | 47 546 064 | 52 221 426 | 52 163 944 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысы | 43 934 513 | 38 288 193 | 41 822 263 | 37 175 351 | 45 222 605 | 41 724 959 |
15 | Түркістан облысы | 262 972 381 | 162 306 386 | 258 956 205 | 163 730 081 | 279 855 205 | 235 237 280 |
16 | Ұлытау облысы | 17 380 226 | 17 380 226 | 19 040 595 | 19 040 595 | 20 602 499 | 20 602 499 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы | 54 024 424 | 34 456 502 | 81 376 759 | 65 798 196 | 88 061 708 | 77 515 802 |
18 | Алматы қаласы | 493 407 687 | 457 942 797 | 390 719 865 | 358 763 129 | 424 078 014 | 404 092 814 |
19 | Астана қаласы | 290 965 671 | 215 808 471 | 258 203 340 | 189 421 158 | 280 156 697 | 230 174 631 |
20 | Шымкент қаласы | 205 268 625 | 178 122 832 | 154 107 527 | 128 951 563 | 166 881 177 | 147 104 198 |
Жиыны: | 2 118 750 147 | 1 707 379 466 | 1 975 410 957 | 1 614 567 933 | 2 135 650 285 | 1 896 571 151 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер