ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 07.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 16-10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының міндетін атқарушысы |
К. Петров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының міндетін атқарушысы 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 131/626 қаулысымен бекітілген |
Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктермен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және сайлауды байқауға қатысу үшін қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді (бұдан әрі - аккредиттеу) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады.
3. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - ОСК) жүзеге асырады;
4. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссиялары (бұдан әрі - АСК) жүзеге асырады.
2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
5. Аккредиттеу алу үшін қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды жіберуі тиіс:
1) осы Қағидаларға №1 қосымшаға сәйкес өтініш;
2) сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді.
6. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сайлау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарауы;
2) тиісті сайлау комиссиясының аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;
3) аккредиттеу туралы куәліктің немесе аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаның берілу.
7. Сайлау комиссиясы құжаттарды қарап, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қоғамдық бірлестікті, коммерциялық емес ұйымды аккредиттеу;
2) қоғамдық бірлестікті, коммерциялық емес ұйымды аккредиттеуден бас тарту;
3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрунемесе тоқтату.
8. Аккредиттеу туралы куәлік немесе аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішіндеқоғамдық бірлестікке, коммерциялық емес ұйымға беріледі.
9. Аккредиттеуге өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
10. Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-1-баптың 1-1-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының сұрау салуы бойынша аккредиттеуден бас тарту немесе күшін жою үшін негіздердің бар-жоғын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұрау салуды алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде беріледі.
11. Аккредиттеуден бас тарту немесе күшін жою үшін негіздер:
1) құжаттардың толық тізбесін ұсынбау;
2) жарғының осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның қызметі тоқтатыла тұрған не тоқтатылған.
12. Аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жыл мерзімге беріледі.
13. Республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға берілген аккредиттеу туралы куәлік оларға "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттелетін барлық сайлауға бір жыл ішінде қатысу мүмкіндік береді.
Өңірлік қоғамдық бірлестіктерге берілген аккредиттеу туралы куәлік оларға құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар облыстар шегінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттелетін барлық сайлауға бір жыл ішінде қатысуға мүмкіндік береді.
Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге берілген аккредиттеу туралы куәлік оларға бір облыс шегінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттелетін барлық сайлауға бір жыл ішінде қатысуға мүмкіндік береді.
14. Аккредиттеу туралы куәлiк иелiктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берiлмеуi тиіс.
15. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған кезде қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде куәлікті берген сайлау комиссиясынан оның телнұсқасын ала алады.
16. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тиісті сайлау комиссиясы аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда, сол сияқты қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
17. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде оның қолданылуын тиісті сайлау комиссиясы комиссия шешімінің негізінде қайта бастайды
18. Аккредиттеу туралы куәлік мынадай жағдайларда:
1) бір ай ішінде куәліктің қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар жойылмаса;
2) аккредиттелген бірлестік қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
3) қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйым куәліктің қолданысын өз еркімен тоқтататыны туралы өтініш берсе;
4) оның қолданыс мерзімі аяқталса,өзінің қолданысын тоқтатады.
19. Сайлау комиссиясы аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату мәселелерін он жұмыс күні ішінде қарайды.
20. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы қоғамдық бірлестікке, коммерциялық емес ұйымға тиісті сайлау комиссиясы бес жұмыс күні ішінде (бұзушылықтытапқан сәттен бастап) хабардар етеді.
21. ОСК интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың тізімі, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктерініңқолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған ұйымдардың тізімі орналастырылады. Ол үшін АСК қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдардыаккредиттеу туралы, аккредиттеуден бас тарту не аккредиттеу туралы куәлігінің қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш күн мерзімде оларды тиісті тізімге енгізу үшін ОСК-ға мәліметтер жібереді, сондай-ақ оларды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Өтiнiш
Сайлауды байқауға қатысу үшін________________________________________
(қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйымның атауы)
аккредиттеудi сұраймын. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
МО _________________ ________________________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке бастын
куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Күні: 202__ жылғы "___"_______________
Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына № 2 қосымша |
Аккредиттеу туралы КУӘЛІК
________________________________________________ (қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның атауы) _________________________________________ (аумақтық сайлау комиссиясының атауы)
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлауды байқауға
қатысуға_____________________________________________________ (қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның атауы)
құқығын мойындайды.
(202__ жылғы "___"________________№ ____ шешім)
Куәлік 202__ жылғы "___"_________ дейін жарамды
ОСК/АСК Төрағасы(тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)
Сериясы: Берілген күні:
Өтiнiш
Сайлауды байқауға қатысу үшін аккредиттеу туралы куәліктің жоғалуына байланысты_________________________________________________________
(қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйымның атауы)
оның телнұсқасын беруіңізді сұраймын. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
МО _________________ ___________________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке бастын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Күні: 202__ жылғы "___"_______________