Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6532 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
М.Балпан |