"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6551 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы |
Х.Кабар |