Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Степногорск қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелері белгiленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы |
Х.Кабар |