Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № А-367 "Аршалы ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Аршалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | А.Байманов |