Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | М.Балпан |