"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 4 наурыздағы № а-3/100 "Атбасар ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7095 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ө.Қуатбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | А.Калжанов |