Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/9 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6596 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Комбатуров |