Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Астрахан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С-28-9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6312 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |