"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жалтыр ауылдық округі Жалтыр ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Астрахан ауданының Жалтыр ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Некрасов тұйық көшесін Абай тұйық көшесіне;
2) Книжный тұйық көшесін Береке тұйық көшесіне;
3) 2-я Линейная көшесін Амангелді Құрманалин көшесіне;
4) Абай Құнанбаев көшесін Лев Толстой көшесіне;
5) Автотраснпортная көшесін Аманат көшесіне ;
6) Буденный көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
7) Вокзальная көшесін Жеңіс көшесіне;
8) Восточная көшесін Шығыс көшесіне;
9) Димитров көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
10) Дорожная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
11) ЖБК көшесін Бірлік көшесіне;
12) Западная көшесін Батыс көшесіне;
13) Комсомольская көшесін Достық көшесіне;
14) Ленин көшесін Абылай хан көшесіне;
15) Мир көшесін Бейбітшілік көшесіне;
16) Октябрьская көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
17) Северная көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
18) Советская көшесін Жапархан Асаинов көшесіне;
19) Станционная көшесін Мәлік Ғабдуллин көшесіне;
20) Строительная көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
21) Тельман көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
22) Трудовая көшесін Еңбек көшесіне;
23) Чапаев көшесін Лев Гумилев көшесіне;
24) Школьная көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;
25) Энгельс көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;
26) Южная көшесін Томирис көшесіне;
27) Степная көшесін Қамысты көшесіне;
28) Киров көшесін Федор Достоевский көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалтыр ауылдық округінің әкімі |
А.Иманкулов |