Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ерейментау ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Абжиков |