Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Біржан сал ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6553 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы | С.Шауенов |