Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Есіл ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының хатшысы | С.Агымбаева |