"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Подгорное ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
Советская көшесін Кенесары көшесіне;
Комсомольская көшесін Абай көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Подгорное ауылының әкімі | Г.Мажитова |