"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Г.Кадырова |
"Сандыктау аудандық мәслихатының аппараты" ММ 2022 жылғы 28 шілдедегі № 22/4 шешіміне қосымша |
Сандықтау аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 18/11 "Сот шешімімен Сандықтау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6566 болып тіркелген) шешімі;
2. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 18/9 "Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6567 болып тіркелген) шешімі;
3. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 47/2 "Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 18/9 "Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8063 болып тіркелген) шешімі;
4. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 17/8 "Сандықтау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6335 болып тіркелген) шешімі.