"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Целиноград ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 4 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
1. Целиноград ауданының Қоянды ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Целиноград ауданы әкімінің орынбасары тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі | Б.Оспанбеков |