2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27278 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1 тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері ай сайын бір шаршы метр үшін 15 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды аудандық
мәслихатының хатшысы
Г.Садвокасова

Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2022 год

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 18 марта 2022 года № 7С-20/4. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2022 года № 27278

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Шортандинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2022 год в сумме 15 тенге за один квадратный метр ежемесячно.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Шортандинского
районного маслихата
Г.Садвокасова