Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3, 5, 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін.
5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Жолымбет кентінің "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін.
15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Научный кентінің "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін.";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 4-тармағының 3), 5), 15) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Жолымбет кентінің "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Научный кентінің "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы |
Г.Садвокасова |