"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2016 жылғы 21 қазандағы № 4405 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Г. Сисеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |