Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 20 желтоқсандағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға қаласының "Трудовая" көшесі – "Рақымжан Көлбаев" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары М. Ермаганбетовке жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі | Н. Ержанов |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Тулеуов |