Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4821 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасыгың "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі - Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
9 тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;";
11 тармақ алынып тасталсын.
14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Біржолғы әлеуметтік көмек:
1) Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
еңбек ардагерлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
2) мүгедектігі бар адамдарға, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Копжасаров |