Ырғыз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 204 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қаңтарда № 31657 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 01.11.2023 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Ырғыз ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 2 (екі) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Турымов

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Иргизскому району

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 30 декабря 2022 года № 204. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 января 2023 года № 31657. Утратило силу решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 1 ноября 2023 года № 73

      Сноска. Утратило силу решением Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 01.11.2023 № 73 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов с 1 января по 31 декабря 2023 года включительно – 2 (два) процента от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2023 года.

      Секретарь Иргизского
районного маслихата
М. Турымов