Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жарық округінің Жарық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
Астана көшесі Тәуке хан көшесіне;
Ә. Молдағұлова көшесі Бұқар жырау көшесіне;
Желтоқсан көшесі Ақан сері көшесіне.
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарық ауылдық округінің әкімі | Е. Имангазин |