Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Хазірет ауылдық округінің Хазірет және Жездібай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Хазірет ауылдық округі Хазірет ауылының келесі көшелері:
1) "Жастар" көшесін – "Абылай хан" көшесіне;
2) "Ленин" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесіне;
3) "Почтовая" көшесін – "Шығанақ Берсиев" көшесіне;
4) "Советская" көшесін – "Нұрғиса Тілендиев" көшесіне;
5) "Украинская" көшесін - "Салық Зиманов" көшесіне;
6) "Абая" көшесін - "Абай" көшесіне қайта аталсын.
2. Хазірет ауылдық округі Жездібай ауылының келесі көшесі:
1) "Жангелдин" көшесін - "Роза Бағланова" көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хазірет ауылдық округінің әкімі |
А. Бекетов |