Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 11 қазандағы № 03-17/39 "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Алматы облысы бойынша | |
Тексеру комиссиясының төрағасы | М. Мусаев |