"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш ауданының әкімі | Г. Токпеисов |
Балқаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 107 қаулысына қосымша |
Балқаш ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объетілері) |
1. | Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, "Айтолқын" дүкеніне қарама-қарсы | 120 | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 3 жыл | "Катрин" дүкені |
2. | Бақбақты ауылы, Хван көшесі, АқназарАру мейрамханасына қарама-қарсы | 60 | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | 3 жыл | "Сұңқар" дүкені |