"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі "Жамбыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 421 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4866 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қамбарұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы әкімі | Н. Ертас |