Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы № 82-320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5547 тіркелген) Сарқан аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы | М. Разбеков |