"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Кеген ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің "Кеген ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 166 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5226 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қабылбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеген ауданының әкімі | Т. Байедилов |