Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27606 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1847 қаулысына 1-қосымша |
2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия соммасы, теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 2 140 | 21 400 000 |
2. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу: | сатып алынған бас | 150 000 | 15 | 2 250 000 |
3. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 195 600 | 39 120 000 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||||
4.1. | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 400 000 | 270 | 108 000 000 |
5. | Сүт өндіру құнынарзандату: | ||||
5.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 5 679 573 | 113 591 460 |
5.2. | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 7 888 557 | 157 771 140 | |
Қой шаруашылығы | |||||
6. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
6.1. | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылысу маусымы | 4 000 | 1 612 | 6 448 000 |
6.2. | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 9 600 | 24 000 000 | |
7. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 97 | 1 455 000 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
8. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 497 | 19 880 000 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
9. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 429 140 | 25 748 400 |
10. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 3 | 107 000 000 | 321 000 000 |
Етті құсшаруашылығы | |||||
11. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
11.1. | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 1 600 000 | 80 000 000 |
Барлығы | 920 664 000 | ||||
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген субсидиялар көлемдері | |||||
12. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 8 335 | 41 675 000 |
Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||||
13. | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 1 300 | 45 500 000 |
13.1. | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 50 000 | 700 | 35 000 000 | |
13.2. | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды аналық бас | 70 000 | 390 | 27 300 000 | |
14. | Қойлардың аналық басы | 8 000 | 11 231 | 89 848 000 | |
15. | Жылқының аналық басы | 30 000 | 300 | 9 000 000 | |
1. | Шошқалардың аналық басы | 7 000 | 398 | 2 786 000 | |
Барлығы | 251 109 000 |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1847 қаулысына 2-қосымша |
2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге | Өлшемшарттары | Өтінім беру мерзімі |
1 | Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 70 000 |
1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы; | Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін |
2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | бас | 50 000 |
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
3 | Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас | 50 000 |
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
4 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас | 35 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы; | |
5 | Қойлардың аналық басы | бас | 8 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
6 | Жылқылардың аналық басы | бас | 30 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы; | |
7 | Шошқалардың аналық басы | бас | 7 000 | 1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы. |
Ескертпе:
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.