Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25232 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,091 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | М. Оспанбаев |