"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабы 2 - тармағының 18) тармақшасына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының | |
әкімі | Б. Сапарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 39 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 07.12.2022 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 15 000 | 15 203 | 228 045 |
1.2 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 55 302 | 553 020 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 1 670 | 167 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 4 646 | 696 900 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 150 000 | 2 418 | 362 700 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 225 000 | 921 | 207 225 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 200 | 1 379 145 | 275 829 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
6. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
6.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 200 000 | 236 | 47 200 |
6.2 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 400 000 | 31 | 12 400 |
7. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
7.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 2 668 244 | 120 071 |
7.2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 11 335 050 | 226 701 |
7.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 19 285 350 | 385 707 |
8. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 5 000 | 6 000 | 30 000 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
9. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
9.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 60 | 4 350 000 | 261 000 |
9.2 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 50 | 1 261 080 | 63 054 |
10. | Жұмыртқалы құс шаруашылығы: | ||||
10.1 | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 60 | 172 000 | 10 320 |
10.2 | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген дана | 3 | 42 418 000 | 127 254 |
Қой шаруашылығы | |||||
11. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
11.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 342 498 | 1 369 992 |
11.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 2 500 | 693 236 | 1 733 090 |
12. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 15 000 | 12 923 | 193 845 |
13. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | Өткізілген бас | 3 000 | 55 205 | 165 615 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
14. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 100 000 | 8 | 800 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
15. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Балара ұясы/маусым | 5 000 | 10 285 | 51 425 |
16. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | Килограмм | 60 | 832000 | 49 920 |
Жиыны: | 7 339 113 | ||||
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2020-2021 жылғы резервтегі (күту парағы) түскен өтінімдерді төлеуге субсидиялар көлемдері | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
17. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
17.1 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 15 000 | 2 880 | 43 200 |
17.2 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 10 530 | 105 300 |
18. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 1 793 | 179 300 |
19. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 150 000 | 2 452 | 367 800 |
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||||
20. | Отандық | Сатып алынған бас | 150 000 | 3 362 | 504 300 |
21. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 200 | 2 054 910 | 410 982 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
22. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
22.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 200 000 | 14 | 2 800 |
23. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
23.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 469 200 | 21 114 |
23.2 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 4 397 900 | 87 958 |
23.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 22 036 950 | 440 739 |
Етті құс шаруашылығы | |||||
24. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
24.1 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 60 | 2 190 000 | 131 400 |
Қой шаруашылығы | |||||
25. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
25.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 201 437 | 805 748 |
25.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | Бас/ шағылыстыру маусымы | 2 500 | 471 680 | 1 179 200 |
26. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 15 000 | 84 954 | 1 274 310 |
27. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 3 143 | 31 430 |
28. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | Өткізілген бас | 3 000 | 13 625 | 40 875 |
29. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | Бас/шағылыстыру маусымы | 1 500 | 42 234 | 63 351 |
Шошқа шаруашылығы | |||||
30. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/ шағылыстыру маусымы | 40 000 | 1 800 | 72 000 |
Жиыны: | 5 761 807 | ||||
Барлығы: | 13 100 920 |