"Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау" туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облыстық мәслихатының мәслихатының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 13-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 наурызда № 27019 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облыстық мәслихатының "Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4356 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

  Жамбыл облыстық
мәслихатының 2022 жылғы
16 ақпандағы № 13-5 қосымша
шешіміне

Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге.

2. Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;

      2. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына;

      3. Толық емес отбасыларға;

      4. Ипотекалық бағдарламасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы қажетті мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері.

О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 17 октября 2019 года №39-4 "Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области"

Решение Жамбылского областного маслихата от 16 февраля 2022 года № 13-5. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2022 года № 27019

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жамбылского областного маслихата "Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области" от 17 октября 2019 года № 39-4 (Зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4356) следующие изменения:

      Приложения 1 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Жамбылского
      областного маслихата М. Сарыбеков

  Приложение к решению
Жамбылского областного
маслихата от 16 февраля 2022
  года № 13-5

Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области

1. Размер жилищных сертификатов

      Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан, и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан, определить размер жилищных сертификатов в 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч).

2. Перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области

      1. Семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов;

      2. Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      3. Неполные семьи;

      4. Востребованные специалисты в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта, сотрудники правоохранительных органов, сотрудники социального обеспечения, государственные служащие с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 марта 2019 года № 154 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №18445), соответствующие требованиям ипотечной программы и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан.