Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облыстық мәслихатының "Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2808 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-9 шешіміне 1 қосымша |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №40-13 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
Р/н | Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың атауы | Қатынастар түрлері (ауданаралық, ауданішілік, қалаішілік ) |
Ауданаралық қатынастар | ||
1. | Тараз-Шығанақ | ауданаралық |
2. | Шу-Мойынқұм-Ақбақай | ауданаралық |
3. | Тараз-Жаңатас (Тамды арқылы) | ауданаралық |
4. | Досбол-Тоғызкент-Үшарал-Тараз | ауданаралық |
5. | Жайылма-Саудакент-Тараз | ауданаралық |
6. | Жаңатас-Тараз | ауданаралық |
Сарысу ауданы | ||
7. | Жаңатас-Жайлаукөл | ауданішілік |
8. | Орталық базар аялдамасы-Шоқай Датқа | ауданішілік |
9. | 5-шағын аудан-"Ертегі әлемі" дүкені аялдамасы-Әулие ата көшесі | қалаішілік |
10. | Жаңатас-Игілік-Саудакент | қалаішілік |
11. | Жаңатас-Жайылма-Саудакент | ауданішілік |
12. | Жаңатас-Тоғызкент-Әбілдә | ауданішілік |
13. | Жаңатас-Ә.Бүркітбаев-Үшбас-Арыстанды | ауданішілік |
14. | Жаңатас-Ұ.Сыздықбаев-Ақтоғай | ауданішілік |
Шу ауданы | ||
15. | Төле би-Қант зауыты | ауданішілік |
16. | Автобекет-Тоғай | ауданішілік |
Талас ауданы | ||
17. | Темір жол вокзалы–Мақұлбек ауылы | ауданішілік |
18. | Орталық аурухана-Достық гүлзары | ауданішілік |
19. | Аққұм-Бостандық-Талапты-Ақкөл-Қаратау | ауданішілік |
20. | С.Шакиров-Тұрымқұл-Тамабек-Ойық-Ақкөл-Қаратау | ауданішілік |
21. | Б.Шешен-К.Батыр-Үшарал-Ақкөл-Қаратау | ауданішілік |
Меркі ауданы | ||
22. | Меркі-Талдыбұлақ | ауданішілік |
23. | Меркі-Гранитогорск | ауданішілік |
24. | Меркі-Қарасу ауылы | ауданішілік |
25. | Меркі-Т.Рысқұлов | ауданішілік |
26. | Меркі-Ақжол | ауданішілік |
27. | Меркі-Ақермен | ауданішілік |
28. | Меркі-Ойтал учаскесі | ауданішілік |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-9 шешіміне 2 қосымша |
Жамбыл облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 20-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген).
2. Мәслихаттың "Шу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 22-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген).
3. Мәслихаттың "Талас ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғ 19 наурыздағы № 32-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4165 болып тіркелген).
4. Мәслихаттың "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 27 ақпандағы № 43-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4517 болып тіркелген).