Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы №32-3 "Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3874 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Н. Садыков |