Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 қазандағы №74-4 "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қарашадағы № 36-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қарашадағы № 30471 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 01.12.2023 № 13-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 26 қазандағы №74-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4788 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      5, 6, 7 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына бір рет ақшалай төлем түрінде көрсетіледі:

      1) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне: қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      2) 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандарына мен астыртын әрекет етушiлерге – 1 000 000 (бір миллион) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілерге, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне - 1 000 000 (бір миллион) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 100 000 (жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 60 000 (алпыс мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 50 000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға– 50 000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 000 (елу мың) теңгеден кем емес мөшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 15 000 (он бес мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 15 000 (он бес мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 15 000 (он бес мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      2) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына ақшалай төлем көлемі – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден кем емес.

      7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда біржолғы көмектің мөлшері арнайы комиссияның шешімімен белгіленеді және 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінен аспайды;

      2) табиғи зілзаладан немесе табиғи зілзаланың салдарынан өрт оқиғасы орын алып немесе өрттен зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), төтенше жағдайға тап болған адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 (он) еселенген шегінен аспайтынын ескере отырып, алты ай ішінде уәкілетті органға өтініш берген жағдайда:

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда немесе өзге де мүліктік шығындар болған жағдайда, (растайтын құжат болған кезде) әлеуметтік көмек бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес;

      3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтар (отбасы):

      туберкулез ауруымен амбулаториялық жағдайда ем жалғастыру мерзіміне ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, ай сайын 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруымен есепте тұрған азаматтарға, балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, ай сайын 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      онкологиялық қатерлі ісік аурулары бар науқастарға стационар жағдайында арнайы емделуден өткені туралы берілген дәрігерлік қорытынды негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет - 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде.

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы 3 (үш) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, әлеуметтік көмек 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөрiс мөлшерінде бір рет көрсетіледі;

      5) шипажайлық - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген деңгейінен аспаған жағдайда, әлеуметтік көмек бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

      6) жан басына шаққандағы орташа табысы 2 (екі) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) мынадай санаттар бойынша:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      қандастар;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      7) Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек:

      жан басына шаққандағы табысы 2 (екі) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13 тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.

      Біржолғы әлеуметтік көмек газ құбырын орнатуға және жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде және осы шешім заңды күшіне енген мерзімнен кейін өтініш берген тұрғын үй иелеріне беріледі."

      9 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не қоғамдық ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маслихат хатшысының
      уақытша міндетін атқарушы У. Мамикова

О внесении изменения в решение Меркенского районного маслихата от 26 октября 2020 года № 74-4 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Меркенскому району

Решение Меркенского районного маслихата от 7 ноября 2022 года № 36-2. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 ноября 2022 года № 30471. Утратило силу решением Меркенского районного маслихата Жамбылской области от 1 декабря 2023 года № 13-2

      Сноска. Утратило силу решением Меркенского районного маслихата Жамбылской области от 01.12.2023 № 13-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Меркенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Меркенскому району" от 26 октября 2020 года № 74-4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4788) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных указанным решением:

      пункты 5, 6, 7 изложить в новой редакции:

      "5. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      6. Социальная помощь к праздничным дням предоставляется единовременно в виде денежной выплаты следующим категориям граждан:

      1) к 7 мая – Дню защитника Отечества:

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия, в размере не менее -100000 (сто тысяч) тенге;

      2) к 9 мая – Дню Победы:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, в размере не менее - 1000000 (один миллион) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов, в размере не менее - 1000000 (один миллион) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны, в размере не менее - 100000 (сто тысяч) тенге

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда", в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, супруге (супругу), не вступившей (вступившему) в повторный брак, в размере не менее- 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, в размере не менее -15000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний, в размере не менее - 15000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия, в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, направлявшиеся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, в размере 15000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы, в размере не менее - 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

       семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время, в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2) День Независимости – 16 декабря;

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", размер денежной выплаты – не менее 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге.

      7. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан при наступлений трудной жизненной ситуации оказывается единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) гражданам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход семьи, не превышающий 60 процентов от прожиточного минимума, размер выдаваемой помощи определяется по решению специальной комиссии в пределах до 50 (пятьдесят) месячного расчетного показателя;

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, лицам попавшим в чрезвычайную ситуацию, в случае подачи заявление в уполномоченный орган в течение шести месяцев с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога десятикратного размера прожиточного минимума:

      в случае причинения вреда его имуществу или иных имущественных потерях, (при наличии подтверждающего документа) единовременно в размере не менее 200 (двести) месячных расчетных показателей;

      3) лицам (семьям) находящимся в трудной жизненной ситуации, в том числе ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний, заболеваний, представляющим опасность для окружающих:

      лицам, больным с заболеванием туберкулез, в период амбулаторного лечения, ежемесячно, в размере 12 (двенадцать) месячных расчетных показателей с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога пятикратного размера прожиточного минимума;

      гражданам, родителям или иным законным представителям детей, по болезни вызванная вирусом иммунодефицита человека, ежемесячно, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога пятикратного размера прожиточного минимума;

      больным с заболеваниями злокачественного онкологического новообразования, единовременно, в размере двукратного прожиточного минимума, на основании выданного врачебного заключения о прохождении специального лечения в условиях стационара с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога пятикратного размера прожиточного минимума;

      лицам, больным социально значимыми заболеваниями, при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает двукратного прожиточного минимума, единовременно, в размере не менее - 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      4) лицам, освобожденным из мест лишения свободы или состоящим на учете в службе пробации с учетом среднедушевого дохода лица (семьи) не превышающего порога пятикратного размера прожиточного минимума, социальная помощь выплачивается единовременно в однократном размере величины прожиточного минимума;

      5) пенсионерам по возрасту, ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств прошедшим санаторно-курортное лечение единовременно с учетом среднедушевого дохода, не превышающего размера однократного прожиточного минимума, в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей.

      6) уязвимым слоям населения, имеющим детей воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях, со среднедушевым доходом не превышающим двукратного прожиточного минимума (кроме семей получателей государственной адресной социальной помощи), ежемесячно в размере 1 (один) месячного расчетного показателя (назначается на текущий квартал с месяца обращения) на следующие категории:

      семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом уполномоченным органом в области здравоохранения;

      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      кандасы;

      лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;

      многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      неполные семьи;

      7) Единовременная социальная помощь на газификацию жилого дома: производится пенсионерам по возрасту, лицам с инвалидностью, семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью, многодетным матерям и многодетным семьям, получателям адресной социальной помощи, ветеранам боевых действий на территории других государств, опекунам или попечителям ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей, проживающим в частных жилых домах, подлежащих газификации являющимися его собственниками, либо членами семьи собственника, при отсутствии у них и членов семьи другого жилья и наличии среднедушевого дохода, не превышающего двукратного прожиточного минимума.

      Размер социальной помощи определяется исходя из фактических затрат заявителя, связанных с подведением и установкой газового оборудования, но не более 100 (сто) месячных расчетных показателей.

      Для получения социальной помощи заявитель обращается в уполномоченный орган и дополнительно к перечню документов предусмотренных пунктом 13 Типовых правил, прилагает акт и/или документ, подтверждающий состоявшиеся расходы лица, связанные с подведением и установкой газового оборудования (копии чеков, квитанции, договор на оказание услуг) и справку об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество.

      Единовременная социальная помощь предоставляется в течение одного года с момента заключения договора на установку и проведение газопровода и подавшим заявление после вступления в законную силу настоящего решения."

      пункты 9 изложить в новой редакции:

      "9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо общественных организации без истребования заявлений от получателей."

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Временный исполняющий
      обязанности секретаря маслихата У. Мамикова