Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 49/01 қаулысына 1 қосымша |
Жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағытының коды және атауы | 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы-ның көлемі (орын саны) | Оқу жылына бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқыту | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
Оқыту бағыты - бакалавриат | |||||
6В01 – Педагогикалық ғылымдар | |||||
1 | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | В003 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 2 | 1 010900 | 901 000 |
2 | 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 10 | 1 010900 | 901 000 |
3 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 - Математика мұғалімдерін даярлау | 5 | 1 010900 | 901 000 |
В010 – Физика мұғалімдерін даярлау | 3 | 1 010900 | 901 000 | ||
4 | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В017 - Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 5 | 1 010900 | 901 000 |
В018 - Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 5 | 1 010900 | 901 000 | ||
Барлығы | 30 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 49/01 қаулысына 2 қосымша |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі | 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ның көлемі (орын саны) | Жылына бір дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқыту | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
Даярлау бағыты - резидентура | |||||
1 | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | R011 - Жұқпалы аурулар ересектердің, балалардың | 5 | 1 939900 | 1 398900 |
2 | R017 - Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың | 20 | 1 939900 | 1 398900 | |
3 | R030 - Педиатрия | 5 | 1 939900 | 1 398900 | |
4 | R031 - Неонатология | 5 | 1 939900 | 1 398900 | |
5 | R032 - Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың | 20 | 1 939900 | 1 398900 | |
6 | R039 - Терапия | 5 | 1 939900 | 1 398900 | |
Барлығы | 60 |