Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27262 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/01 қаулысына 1-қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері | |||||
Тәрбиеленушілер саны | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | |||||
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | 9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | Жарты күн болатын шағын орталықтар | 10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары | 10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы | ||
Ауыл | 8 965 | 45 869 | 42 208 | 19 911 | 82 966 | 68 958 |
Қала | 37 486 | 41 718 | 38 518 | 18 066 | 74 318 | 62 040 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/01 қаулысына 2-қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 16/01 қаулысына 2-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Аймақтың атауы | Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | |||
Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері | ||||
Тәрбиеленушілер саны | Балабақша / бөбекжай (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | Балалар толық күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап | |
Абай ауданы | 1 961 | 10500/11500 | 10500/11500 | 10500/11500 |
Ақтоғай ауданы | 471 | 12000/12500 | 6500 | - |
Балқаш қаласы | 2 684 | 13900/17200 | 13900/17200 | 13900/17200 |
Бұқар жырау ауданы | 1 421 | 11000/12000 | 11000/12000 | 11000/12000 |
Қарағанды қаласы | 16 983 | 16000/17000 | 16000/17000 | 16000/17000 |
Қарқаралы ауданы | 958 | 10500/11500 | 6400/6500 | 10500/11500 |
Нұра ауданы | 1 003 | 11000/11500 | 8000/8500 | - |
Осакаров ауданы | 1 073 | 11440/14500 | 8706/9675 | - |
Приозерск қаласы | 386 | 12600/14200 | 12600/14200 | - |
Саран қаласы | 1 426 | 11000/14000 | 11000/14000 | 11000/14000 |
Теміртау қаласы | 5 037 | 15000/16000 | 15000/16000 | 15000/16000 |
Шахтинск қаласы | 2 325 | 16000/17000 | 16000/17000 | 16000/17000 |
Шет ауданы | 1 236 | 12000/13000 | 12000/13000 | 12000/13000 |