Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемерін жоғарылату туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2/20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы | А. Досанов |