"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Теміртау қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары В.М. Цай тағайындалсын және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді Теміртау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | К. Бегимов |