Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 19-бабына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 23.05.2024 № 24/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Балқаш қаласының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) мүгедектігі бар балалар;
2) бірінші,екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
3) алынып тасталды- Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 23.05.2024 № 24/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 30.03.2023 № 15/07 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.05.2024 № 24/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | О. Таурбеков |