Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 1490/20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4699 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |