"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новодолинский кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің келесі көшелері:
1) Кутузов көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
2) Суворов көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новодолинский кентінің әкімі | Е. Исатаев |