Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 7890,1863 гектар, Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау ауылдық округі Ақбастау ауылының шекарасы белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулысы мен шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Абай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |
Абай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 36/04 мен Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/247 бірлескен қаулы және шешіміне қосымша |
Қарағанды облысы Абай ауданының Ақбастау ауылдық округі Акбастау ауылының шекарасы
Шартты белгілер: