Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының "Жаңаарқа ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 24 қарашадағы № 37/244 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2854 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |