Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 26/198 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4707 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |