"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жаңаарқа кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінің құрамдас бөліктері:
№ 1 шағын ауданы Күшікбай батыр шағын ауданына;
№ 2 шағын ауданы Ыдырыс Жұмабеков шағын ауданына;
№ 3 шағын ауданы Қанат Байшолақов шағын ауданына;
№ 5 шағын ауданы Нұрбай батыр шағын ауданына қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | М. Куанышбеков |