Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 қаңтардағы № VI-23/201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |